Программалық инженерия

Бағдарламаның мақсаты жетекші техникалық мамандарды, жоғары білікті бағдарламалық қамтамасыз етудің (БҚ) жоғары білікті әзірлеу қызметкерлері мен архитекторларын, бағдарламалық қамтамасыз ету сапасы мен оның әзірлену процессіне жауапты  менеджерлерді дайындау болып табылады.

Бұл саладағы мамандарға деген мұқтаждық ақпараттық-коммуникациялық саласындағы: IT-технопарктердің ашылулары, оффшорлық және арнайы бағдарламалау нарығының және қарқынды дамуы,  мемлекеттік жүйелердің ақпараттануы, жеке бизнестің қажеттіліктері секілді тұрақты өсіп жатқан қажеттіліктерге байланысты туындайды.

Бұл бағыттағы дайындықтың нәтижесі информатика, математика, бағдарламалау мен дерекқор негіздері, сондай-ақ, басқа да қолданбалы, техникалық пәндерде көрсетілген және кәсіби тәжірибеде бекітілген базалық пәндерді тереңінен оқуға негізделген іргелі техникалық білім алу болып табылады.

 

Мен қандай пәндерді оқимын?

Оқу барысында келесідей пәндерді оқиды: Бағдарламалау өнері, Компьютерлік желілерді жобалау және басқару (Cisco); Операциялық жүйелерді құрылымдау; Бағдарламалау және 3D-модельдеу; Бизнес процессін модельдеу; Management and administration of ERP systems (SAP); Интернет қосымшасын әзірлеу; 1C: Бағдарламалау.

Бағдарлама түлектері бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен айналысатын қазақстандық және шетелдік жетекші компанияларда, ғылыми-зерттеу орталықтарында,  ірі қазақстандық компаниялар мен мемлекеттік жүйелердің IT-департаментінде мына қызметтер бойынша жұмыс істейді:

  • бағдарламалық қамтамасыз етудің инженер-конструкторы;
  • бағдарламалық жүйелердің инженер-жеткізушісі;
  • бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу бойынша маман;
  • бағдарламалық жобаларды басқару бойынша маман;
  • бағдарламалық қамтамасыз ету сүйемелдеу және әзірлеу бойынша маман;
  • кез келген ірі компанияларда ERP-әзірлеуші;
  • жобалық кеңселік банктерде IT-жобалар менеджері;
  • ақпараттық жүйелерді әзірлеу, сүйемелдеу және енгізумен айналысатын кез келген компанияларда IT-жобаларды басқарушы.

Ауқымды деректер жүйесі

Соңғы кезде ақпаратты жинақтайтын құрылғылар мен технологиялардың үлкен саны пайда болды, соның нәтижесінде әлемде сақталған деректердің ортақ саны күрт өсті. Және де бұл үлкен қойманы кәсіпорынның табыс табуда қолдана алатын, бизнеске кез келген өзгеріске жауап қайтаруда мүмкіндік беретін «ақпараттық активқа» айналдыра алатын мамандарға қажеттілік туындады. «Үлкен деректер» концепциясы дәл осыған негізделген. Білім беру жүйесі деректерден білім алудың заманауи әдістері, модельдеу мен болжаудың математикалық әдістері, заманауи бағдарламалық жүйелер мен деректерді талдауға араналған бағдарламалау әдістері саласындағы дайындықты көздейді.

Мен қандай піндерді оқимын?

Оқу барысында келесідей пәндерді оқиды: R-да бағдарламалау; PL/SQL-да бағдарламалау; Бизнес-процесстерді модельдеу; Деректерді басқару; Деректерді визуализациялау; Машиналық білім беру; Алдыңғы қатарлы алгоритмдер; Oracle негізінде веб-бағдарлама әзірлеу.

 

 

Бағдарламаның түлектеріне ықтимал жұмыс берушілер үлкен массивті деректерді сақтауда (соның ішінде, сыртқы дерек орталықтарында) тәжірибесі бар үлкен компаниялар мен ұйымдар, сондай-ақ  IT-компаниялар мен ғылыми ұйымдар болып табылады.

  • әртүрлі компаниялардың IT-департаменттеріндегі әзірлеуші және bigdata-аналитигі;
  • дерекқорды әзірлеу және оған қызмет ету бойынша маман;
  • консалтингтік компанияларда үлкен деректерді бақылау жөнінде маман;
  • бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші;
  • Oracle дерекқорының әзірлеушісі;
  • ірі компанияларда Oracle дерекқорының администраторы;
  • ғылыми-зерттеу ұйымдарында аналитик-маман.

Қазақстандық нарықта бұндай мамандардың өткір тапшылығы байқалады, сонымен қатар, бұл бағдарламамен алынған білім әмбебап болып келеді және түлектерге шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

кибер қауіпсіздік

Бағдарлама аналитиктер мен әзірлеушілерді киберқауіпсіздік салалында дайындауға бағытталған. Бағдарламаның ерекшелігі әзірлеу саласында мамандандыру, түрлі мақсаттағы ақпарпаттық жүйелердегі деректерді сақтау және мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету үшін математикалық модельдер мен әдістерді қолдану болып табылады. Студент аналитикалық дығдыларға, өзгерістердің салдарларын есептеу, ықтимал қауіптер мен олардың көздерін жедел бағалау қабілетіне, үлкен массивті деректермен жүмыс істеу дағдысына ие болып, кибершабуылдарды жүргізу ұстанымдары мен олардан қорғану жолдарын түсінетін болады.

 

Мен қандай пәндерді оқимын?

  • Компьютерлік жүйелердің архитектурасы;
  • Бағдарламалаудың скриптілік тілдері: PowerShell, Bash;
  • Компьютерлік желілерді жобалау және басқару (Cisco);
  • Форензика. Компьютерлік криминалистика;
  • Киберқауіпсіздік тәуекелдерін басқару;
  • Компьютерлік желілердің қауіпсіздігі;
  • Қауіпсіз деректердің аудиті.

Бағдарлама түлектері киберқылмыстың және оның барлық көріністерімен күрес жөнінде, зиянды БҚ-мен күрестің алдын алу әдістерін әзірлеу бойынша, жеке ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау жөнінде маман атанады. Олар жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар ақпараттық жүйелердің күйреу жағдайларын болдырмау саласында жұмыс істейді.

Бағдарлама түлектері, көбіне, атқарушы билік мекемелерінде, мемлекеттік корпорацияларда, қаржылық мекемелерде, IT-компанияларда және т.б ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігімен айналысатын компанияларда сұранысқа ие.