Аймақтық Даму Экономикасы

Бұл бағдарлама қалалар мен аймақтардың нарықтық экономика жағдайында қалай қызмет ететінін және тұрақты дамудың бизнес пен үкімет тарапынан қалай қолдау табатынын түсінгісі келетін студенттерге арналған.

Бағдарламаның міндетті курстары арқылы игерген экономикалық теория мен талдау негіздеріне сүйене отыра, аймақтық даму саласына мамандарылғын студенттер аралас экономика қалай жұмыс істейтінін және мемлекет, еңбек нарығының даму мәселелерін қорытындылай келе, дамуға, кәсіпкерлік пен шағын бизнес өкілдерінің жылжымайтын мүліктеріне, шетел инвестицияларының рөліне, технологиялар мен үлкен фирмаларға қалай үлес қосуын тереңірек түсінеді.

Курсқа шолу

  • Нарық, нарықтық апат, интервенцияны негіздеу
  • Қалалар және аймақтық даму

Аймақтық дамуды, саясаттың және тәжірибенің ұстанымары:

  • Жылжымайтын мүлік және жылжымайтын мүліктің дамуы
  • Қызмет нарығы және адами капитал
  • Кәсіпкерлік, шағын бизнес және аймақтық даму
  • Тікелей шетел инвестициялар
  • Орта және үлкен корпорацияларды сақтау және қолдау
  • Технологиялар, инновациялар және аймақтық даму
  • Тұрақты қалалық және аймақтық даму

Бұл бағдарламаны бітіргеннен кейін мен қандай карьералық мүмкіндіктерге ие боламын?

Бағдарламаның ауқымы мен тереңдігі түлектерге қызмет нарығында жоғары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етеді. Бұл бағдарламаның түлектері карьерасын әртүрлі бағытта жасай алады. Олар жаңа кәсіпорындарды, инновациялар мен экологиялық жауапкершілікті қосқандағы, стратегияларды әзірлеу мен бизнес-жоспарлауды, даму мен корпаративтік қарым-қатынастарды, қауіп-қатерді талдау саласындағы бизнес-секторға өз үлесін қоса алады. Олар, сондай-ақ, экономикалық дамумен айналысатын министрлік, экономикалық дамумен айналысатын жергілі билік органдары секілді мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеуге бәсекеге қабілетті болады. Сонымен қатар, түлектер қалалық және аймақтық экономика саласында халықаралық жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алуға үлкен мүмкіндіктерге ие болады.

Ауыл шаруашылық экономикасы

Бұл бағдарлама экономикалық дамудағы ауыл шаруашылығының негізгі рөлі мен тұрақты дамудың секторы бизнес пен мемлекет тарапынан қалай қолдау таба алатынын түсінгісі келетін студенттерге арналған.

Бағдарламаның міндетті курстары арқылы игерген экономикалық теория мен талдау негіздеріне сүйене отыра, ауыл шаруашылық экономикасы саласына мамандарылғын студенттер ауылшаруашылық ғылымның негізгі концепциялары мен сектор экономикасы мен оның ауыл экономикасындағы негізгі рөлін түсінуге көмектесетін курстарды өтеді. Әрі қарай, бағдарламаның бағыты кәсіпкерліктің даму тажірибесіне, ауыл шаруашылығын модернизациялаудағы технологиялар мен инновациялардың рөліне, азық-түлікті жеткізу тізбегі, логистика мен маркетингке қатысты сұрақтаға ауысады. Бағдарлама ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына қатысты кешенді курсты үйренумен аяқталады.

Негізгі курстар

  • Аграрлық ғылымның негіздірі I
  • Аграрлық ғылымның негіздірі II
  • Ауыл шаруышылық экономикасы
  • Ауыл шаруашылығы және ауыл экономикасы
  • Ауыл кәсіпкерлігі
  • Технологиялар, инновациялар және ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылығы және азық-түлікті жеткізу тізбегі мен логистика
  • Азық-түлік нарығы мен маркетинг
  • Тұрақты ауыл шаруашылығы

Бұл бағдарламаны бітіргеннен кейін мен қандай карьералық мүмкіндіктерге ие боламын?

Бағдарламаның ауқымы мен тереңдігі түлектерге қызмет нарығында жоғары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етеді. Бұл бағдарламаның түлектері ауылшаруашылық секторындағы жетекші қызметтерінде, жеке мемлекеттік секторда, ауылдық аймақтарды жоспарлау мен дамыту, азық-түлік маркетингі, ауыл шаруашылығын басқару,  өндірістік-сату тізбегінің логистикасы, жаңа кәсіпорындардың дамуы мен жаңа технологиялардың енгізілуі секілді салаларда жұмыс істей алады. Одан басқа, түлектер қалалық және аймақтық экономика саласында халықаралық жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алуға үлкен мүмкіндіктерге ие болады.

Экономика

Экономика ғылым ретінде – тарих, философия, құқықпен қатар тұратын әлеуметтік ғылымдардың бірі болып табылады. Ол адам өмірінің әлеуметтік құбылыстарының бір бөлігін анықтауға арналған.

Экономика – бұл әртүрлі және, көбіне, шектеулі ресурстардың адам мен қоғамның өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз етуде қолданылуы және шаруашылық туралы білімнің жиынтығы мен онымен байланысты адам қызметі туралы; шаруашылық барысында қалыптасатын адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы ғылым.

Бұл бағдарламаны бітіргеннен кейін мен қандай карьералық мүмкіндіктерге ие боламын?

Демек, Экономика бағдарламасының мазмұны, ең алдымен, Қазақстан Республикасының экономикасы үшін шаруашылық жүйесі секілді кәсіпорындардың қызмет етуінің экономикалық механизмі, өндіріс ұйымының заңдылықтары мен ұстанымдары және  оларды басқару мен қарқынды дамып жатқан экономика жағдайында жоспарлау жөнінде білімі бар,  сондай-ақ кәсіпорын қазметінде макро- және микроэкономиканың заманауи концептуалды аппаратын, әлеуметтк-экономикалық статистика әдістерін қолданудағы даму келешегіне болжау жасау жөнінде білімі бар жоғары білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

Халықаралық сауда

Халықаралық сауда – бұл әлемдегі барлық елдердің сыртқы саудасын жинақтайтын халықаралық сауда-ақша қатынастарының жүйесі.  Халықаралық бәсекелестік кәсіпорындарды жетілдіру қажеттілігін тудырады.  Халықаралық сауда – бұл шаруашылық өмірдің бірегей интерұлттандырылуы және ғылыми-технологиялық революция жағдайында халықаралық еңбек бөлінісінің интенсификациялануымен біріктірілетін әртүрлі мемлекеттер арасындағы тауарлар мен қызметтердің алмасуы.

Бұл бағдарламаны бітіргеннен кейін мен қандай карьералық мүмкіндіктерге ие боламын?

Бағдарламаның мақсаты, ең алдымен, Қазақстан Республикасы үшін халықаралық сауда ұйымының құрылымы мен ұстанымдарын білетін жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.