ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС

“Халықтың әртүрлі топтарымен әлеуметтік және психологиялық жұмыс” мамандандыруымен “Әлеуметтік Жұмыс” білім беру бағдарламасы әлеуметтік саланы, әлеуметтік психологияны ұйымдастыру және басқару саласында мамандарды даярлауға бағытталған.   Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен тәжірибесінің тығыз байланысын, әлеуметтік психологияға баса назар аудара отырып, осы бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде әлеуметтік міндеттерді шешумен айналысатын мемлекеттік және үкіметтік емес сектор үшін де әлеуметтік саланың бәсекеге қабілетті мамандарын қалыптастырады. Әлеуметтік қызмет мамандарының еңбек нарығындағы жоғары сұраныстарын және оның жоғары еңбек ұтқырлығын ескере отырып, студенттер әлемнің түрлі бөліктерінде оқуды аяқтағаннан кейін сұранысқа ие бола алады.

КУРСТАРҒА ШОЛУ

 

  • Психология
  • Әлеуметтік жұмыс технологиясы
  • Әлеуметтік медицина негіздері
  • Әлеуметтік жұмыс психологиясы және тұлға психологиясы
  • Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары
  • Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету
  • Психодиагностика және психокоррекция
  • Жас және дифференциалдық психология
  • Халықтың осал топтарына әлеуметтік жұмыс
  • Әлеуметтік бағдарламаларды бағалау
  • Әлеуметтік кәсіпкерлік және жобалау

Мен қандай карьералық мүмкіндіктерге ие боламын?

Академиялық перспективалар:

  • әлеуметтік жұмыс, мемлекеттік басқару, психология, әлеуметтану және т. Б. Мамандықтары бойынша магистратурада оқуды жалғастыру •

Кәсіби мүмкіндіктер:

  • Мемлекеттік әлеуметтік қорғау және басқару органдарында жұмыс;
  • ЮСАИД, ЮНИСЕФ, БҰҰ халықаралық ұйымдарының филиалдарында; жергілікті ҮЕҰ-да; әлеуметтік қызмет көрсететін жеке секторда.

Бағдарлама серіктестері

Психологиялық кеңес беру

“Қызметтік Іс-Әрекет Психологиясы” мамандандыруымен “Психологиялық кеңес беру” білім беру бағдарламасы психологиялық диагностиканың, түзетудің заманауи әдістерін меңгерген және классикалық және қазіргі заманғы психологияның терең білімі бар жетекші мамандарды дайындаумен айналысады. Еңбек нарығы мамандарының болжамдары бизнес психологиясынан бастап отбасылық психологияға дейін әр түрлі маманданған психология саласындағы мамандардың үлкен сұранысқа ие екендігін атап өтеді. Нархоздағы Психология бағдарламасы бойынша оқыту нәтижесі ұйымдастыру психологиясының, жұмысқа орналасу кезінде бәсекеге қабілетті, жергілікті жоғары оқу орындарына және жақын, алыс шетелдердің ЖОО-ларына түсу және мобильділік бойынша сұранысқа ие кәсіби мамандарын қалыптастыру болып табылады.

КУРСТАРҒА ШОЛУ

  • Жалпы психология
  • Жас ерекшелік психологиясы
  • Тұлға психологиясы
  • Әлеуметтік психология
  • Стресс және стреске төзімді мінез-құлық психологиясы
  • Іскерлік коммуникация психологиясы бойынша Практикум
  • Әлеуметтік-психологиялық тренинг бойынша Практикум
  • Конфликтология және девиантология
  • Медициналық психология
  • Ұйымдастыру психологиясы

Мен қандай карьералық мүмкіндіктерге ие боламын?

Академиялық перспективалар:

  • Психология, Әлеуметтік жұмыс, Экономика, Мемлекеттік басқару және т. б. мамандықтары бойынша магистратурада оқуды жалғастыру.

Кәсіби мүмкіндіктер:

  • Мемлекеттік әлеуметтік қорғау және басқару органдарында жұмыс;
  • ЮСАИД, ЮНИСЕФ, БҰҰ халықаралық ұйымдарының филиалдарында;
  • Mектептерде, колледждерде;
  • Жергілікті ҮЕҰ-да;
  • Коммерциялық ұйымдарда, HR бөлімінде;
  • Психологиялық қызмет көрсететін жеке секторда

Бағдарлама серіктестері

Әлеуметтану

“Қала әлеуметтануы” және “Cандық Tехнологиялар Әлеуметтануы” мамандандыруымен “Әлеуметтану” білім беру бағдарламасы урбанистика және digital әлеуметтану саласында мамандарды даярлауға бағытталған.   Бағдарламаның өзекті курстары, практикалық әлеуметтік зерттеулер жүргізу тәжірибесі мол мамандар және студенттерді қалалық, республикалық жобаларға міндетті түрде тарту, ағылшын тілін кәсіби деңгейге дейін жетілдіру мүмкіндіктері – нархоз қабырғасында осы мамандықтың басты айырмашылықтары мен артықшылықтары бар. Бағдарламаның икемділігі және қолданбалы әлеуметтік зерттеулер жүргізу дағдыларын дамытуға назар аудару түлектерге өзінің кәсіби қалыптасуымен шектелмеуге мүмкіндік береді. Бағдарлама түлектері маркетингтік, саяси қолданбалы зерттеулерді табысты ұйымдастырып, жүзеге асыра алады.

КУРСТАРҒА ШОЛУ

  • Қазіргі социологиялық теориялар
  • Cоциологиялық зерттеулер әдіснамасы
  • Әлеуметтік-экономикалық статистика және әлеуметтанушыларға арналған бағдарламалық өнімдер
  • Қаланың әлеуметтік зерттеулері
  • Urban ecology
  • Urban policy analysis
  • Қалалық жоспарлау
  • Деректерді визуализациялау
  • Digital data analysis
  • Critical sociology of big data

Мен қандай карьералық мүмкіндіктерге ие боламын?

Академиялық перспективалар:

  • Әлеуметтану, мемлекеттік басқару, әб психологиясы және т. б. Мамандықтары бойынша қазақстанда және шетелде магистратурада оқуды жалғастыру

Кәсіби мүмкіндіктер:

  • Мемлекеттік құрылымдарда социолог – аналитик ретінде жұмыс істеу;
  • Әлеуметтік және маркетингтік ұйымдарда;
  • Жергілікті үеұ және халықаралық ұйымдарда;
  • Білім беру саласында

Бағдарлама серіктестері