БОЛАШАҚТЫҢ АЗАМАТТАРЫН ДАМЫТА ОТЫРЫП

Біздің мақсатымыз студенттеріміздің өз болашағын, отбасылары мен қоғамның болашағын оңтайлы құруға мүмкіндік беретін негізгі дағдылардың жиынтығы мен бірқатар салалардан тұратын мамандырылған білімді қамтамасыз ету болып табылады.

Біз өзара байланысты әлемде өмір сүреміз. Құқық және әлеуметтік ғылымдар Мектебі осы байланыстар мен қиындықтарды түсінуге қабілетті, жұмыс әлеміне және болашақта білім алуға жақсы дайындалған түлектерді шығаруға бағытталған.

БІЗДЕР ҚАЗАҚ, ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҰСЫНАМЫЗ:

  • Экономика (экономикалық талдау, жаһандану, аймақтық даму мен ауылшаруашылық экономикасы саласындағы мамандықтармен)
  • Экология (экологиялық ғылым, қошаған орта мен тұрақты даму экономикасы саласындағы мамандықтармен)
  • Құқық (қылмыстық және іскерлік құқық саладағы мамандықпен)
  • Халықаралық қатынастар (энергетикалық қауіпсіздік пен этникалық зерттеулер саласындағы мамандықпен)
  • Мемлекеттік басқару (жаңа мемлекеттік қаржылар мен басқару саласындағы мамандықпен)
  • Ақпараттық жүйелер мен статистика
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Психология

БІЗДЕР ӨЗІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЫЗДА СТУДЕНТТЕРІМЕЗГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕМІЗ

  • Оларға қызықты әрі пайдалы жұмыс табуға көмектесу үшін әлемнің практикалық түсінігін дамытуға бағытталған кең білім алуға.
  • Шығармашылық дағдысын, мәселелерді шешу және критикалық ойлау дағдыларын дамытып, сондай-ақ, соларды нақты мәселелерді түсінуге пайдалану – жұмыс берушілер жоғары бағалайтын дағдыларды дамытуға.
  • Қазақстан мен Орталық Азияны одан әрі модернизациялау үшін маңызды салаларда сарапшылық білімді арттыру арқылы экономика мен қоғам дамуына үлес қосатын белсенді азаматтар атануға.
  • Мысалға, экономист-студенттер экология, ақпараттық технологиялар, мемлекеттік басқару, құқық, бизнес, халықаралық қатынастар, әлеуметтік жұмыс пен статистика біле алатын, біздің бірегей екінші дәрежелі бағдарлама арқылы таңдаған мамандықты және басқа да пәндерді терең түсінуге.

БҰЛ МАҚСАТҚА ТЕК ПРОЦЕССТІҢ БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ – СТУДЕНТТЕРІМІЗ, ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫЛАРЫ, ОҚЫТУШЫЛАР, БОЛАШАҚ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕС-УНИВЕРСИТЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ЖАҚСАРТУ АРҚЫЛЫ ЖЕТУГЕ БОЛАДЫ.