Экология және қоршаған ортаны қорғау

Бұл бағдарлама қоршаған ортаға тиіп жатқан және ықтималды залалдарды азайтуда жағдайға талдау жасап, сол үшін іс-шаралар істеуге қызығушылық танытатын студенттерге арналған. Болашақта қоршаған ортаны сақтау мәселелері үлкен орын алмақ. Жердің түрлі қабаттарына зиянды элементтердің тасталуының артуына байланысты экология мәселесі алдыңғы орындарға қойылады. Кәсіби эколог мамандарына сұраныс артатын болады, алайда, сонымен қатар, оларға деген талаптар да жоғарылайтын болады. Эколог мамандығы сұранысқа ие, әрі маңызды мамандықтардың бірі болады.

Бұл бағдарламаны бітіргеннен кейін мен қандай карьералық мүмкіндіктерге ие боламын?

Жердің түрлі қабаттарына зиянды элементтердің тасталуының артуына, қалалар мен автотранспорттың көбеюіне байланысты экология мәселесі алдыңғы орындарға қойылады. Кәсіптік қызметтің пәні: тибиғи және урбанизацияланған экожүйелер, биосфера және оның құрамдас бөліктері болып табылады. Бұл мамандық халықаралық болып табылады, яғни түлектер бүкіл әлем бойынша жұмыс істей алады.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ

Бұл бағдарлама табиғи ресурстарды ең аз мөлшерде қолданып, қалдықтарды ең тиімді әдіспен қайта өңдеу мақсатында үйлестірілген шешім табу үшін эколог-экономисттерді әзірлеуге бағытталған. Эколог-экономист бастаған ісінен барынша үнемдеп, тіпті сол арқылы пайда табуға тырысады.

Бұл бағдарламаны бітіргеннен кейін мен қандай карьералық мүмкіндіктерге ие боламын?

Студенттер болашақта эколог-экономисттер атанып, жобалар мен өнеркәсіптік өндірістердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құжаттардың дайындалуы мен үйлестірілуімен айналысатын болады. Ғимараттар мен құрылыс нысандарын салуда міндетті түрде экологиялық сараптама жүргізілуі керек және сараптама оң нәтиже берген жағдайда ғана құрылысты бастауға келісім беріледі. Әрбір үлкен өндірістік және басқа да компанияларда өндірістің процессін бақылайтын эколог-экономист қызметі болады.

ТҰРАҚТЫ ДАМУ

Қайта қалпына келетін энергиялар мен тұрақтылық қағидаттарына негізделген жаңа және қолданыстағы қызмет түрлерінің дамуы адам іс-әрекетінің экологиялық ықпалы алаңдатушылық тудырып тұрған әлемде мемлекет, сондай-ақ жеке сектор тарапынан қызығушылығы артып келе жатқан сала болып табылады.

Бұл бағдарлама алғаш рет экологиялық мәселелерді және биосфера мен адам арасындағы арақатынасты ұғыну үшін түгел қамтитын негіз қамтамасыз етіп береді. Студенттер экологиялық заңнамалар, стандартар мен нормативтік актілер туралы біле алады, қоршаған ортаға әсер етуге баға беріп, мониторинг жүргізе алады, компьютерлік модельдеу дағдыларын дамытып, экологиялық және экономикалық зақымдар мен экологиялық тәуекелдерге кешенді бағалау жүргізе алады.

 

Сондай-ақ бағдарлама энергия тұтыну жүйесіндегі өзгерістерге және қайта қалпына келетін энергия көздерінің өсуіне байланысты, қалалар мен аймақтардың тұрақты дамуына, қоршаған ортаға аз мөлшерде әсер ететін тұрақты өндіріс дамуындағы технологиялар және кәсіпкерліктердің рөлдері мен тұрақты бәсекелестікті қамтамасыз етудегі корпоративтік қоғамдық жауапкершіліктің рөліне байланысты негізгі сұрақтарға назар аударады.

Бұл бағдарламаны бітіргеннен кейін мен қандай карьералық мүмкіндіктерге ие боламын?

Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы мамандар қолданыстағы қызметтердібасқару және реттеу, сондай-ақ экологиялық тұрақты қызметтердің жаңа үлгілерін дайындау тұрғысынан мемлекеттік секторда да, жеке секторда да сұранысқа ие.  Бұл мамандық өте үлкен қанағатсыз сұранысқа ие болып келеді.