ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ САЯСАТТАНУ

Халықаралық және салыстырмалы саясаттану бағдарламасы Еуразия кеңістігіндегі  білікті мамандардың жас буының дайындауға арналған Нархоздағы бірегей бағдарлама болып табылады. Халықаралық қатынастар мен саясаттану ғылымының  басты салаларында (теория/философия/халықаралық қатынастар/салыстырмалы саясаттану) негізгі теориялық құзыреттіліктерге ие болумен қатар, әрбір студент қазақ, ағылшын, орыс тілдерімен бірге Еуразиялық аймақ үшін маңызы бар (жапон, қытай, корей, немесе түрік тілдерін) қосымша үйренетін болады.  Таңдаған мемлекетте арнайы білім алу үшін барлық студенттер 3 курстың екінші семестрін шетелдік серіктес университетінде өткізетін болады.

Студенттердің  болашақтағы мүмкіндіктерін арттыру мақсатымен оқу бағдарламасы экономика және халықаралық құқық курстарымен толықтырылады. Біздің студенттеріміздің тілдік, мәдени және тарихи білімдері  оларды  жеке немесе мемлекеттік  салада қызмет етуге немесе саясаттану мен халықаралық қатынастар  мамандығы бойынша магистратура мен докторантура бағдарламаларында оқуларын жалғастыруға  аса қабілетті етеді.

КУРСТАРҒА ШОЛУ

  • Салыстырмалы саясаттану кіріспесі
  • Саяси теория
  • Халықаралық қатынастар кіріспесі
  • Зерттеу әдістері
  • Екінші шет тілі
  • Қытай бағыты – Қытайдың заманауи саяси экономикасы
  • Халықаралық құқық
  • Халықаралық сауда экономикасы
  • Даму экономикасы
  • Технологиялар мен экономикалық даму
  • Орталық Азияның саяси экономикасы
  • Саяси одақтар (ЕО пен Еуразиялық одақ)
  • Қоғамдық талқылау, әлеуметтік БАҚ және саяси жүйелер
  • Қақтығыстарды шешу мен бейбітшілікті орнату
  • Гендерлік саяси экономика
  • Лаңкестік пен мемлекет
  • Миграция мен халықаралық саясат

ШЕТЕЛДЕГІ СЕМЕСТР:

Шетелдегі семестр бойы халықаралық және салыстырмалы саясаттану бағдарламасының студенттері өздерін кызықтырған елді зерттеуге кіріседі. Серіктес университетте бір семестр өткізу арқылы біздің студенттер таңдалған елдің тарихы, мәдениеті, экономикасы және саясаты туралы білімдерін тереңдете алады. Сонымен қатар, бұл біздің студенттерімізге өздерінің тілдік дағдыларын жетілдіріп, Қазақстанға қытай, жапон, корей немесе түрік тілдерін еркін меңгеріп оралуына мүмкіндік береді. Шетелдік серіктес университетінің курстары біздің студенттеріміз өздерінің саласы ретінде таңдаған елдердің қазіргі заман тарихы мен саяси экономикасы, сондай-ақ, мәдени және әлеуметтік аспектілерін қамтитын болады. Шетелде өткізген уақыт біздің жас көшбасшыларымызға пайдасын тигізіп, олардың кәсіби біліктілігін арттыруда септігі болатынына кәміл сенімдіміз.

ОҚУДЫ АЯҚТАҒАННАН СОҢ СІЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙ АЛАтын мекемелер мен ұйымдар:

  • ҚР СІМ және ҚР шетелдік мекемелерінде;
  • Сыртқы саяси қатынастар, әлемдік саясат саласында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігі мен ұйымдарың мекемелері;
  • Халықаралық ұйымдар (БҚҚ, ЮНЕСКО , ЕҚЫҰ, ТМД және т.б.);
  • Қазақстанның ғылыми және білім беру ұйымдары;
  • Мемлекеттік емес құрылымдар (ірі және орта бизнес, саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар, консалтингтік, аналитикалық, зерттеу, білім беру орталықтары, БАҚ, халықаралық және қазақстандық ҮЕҰ мен т.б.).