Халықаралық қатынастар

Білім беру бағдарламасы әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық құрылымдардың негізінде қауіпсіздік саласындағы түрлі саяси жобаларды тиімді басқара алатын, саяси ғылымдар мен қауіпсіздік саласында сарапшылық дағдылары бар мамандарды дайындауға бағытталған.

 

Дайындық бағыты: бейіндік

Оқу мерзімі: 1 жыл

 

Қазіргі саяси үдерістер қақтығыстардың алдын алуға және бітімгершілікті қолдауға көмектесетін тиімді стратегия мен тактиканы білетін мамандарды талап етеді. Билік алаңдарында болсын немесе аналитикалық орталықтар негізінде болсын, саяси үдерістер мен қауіпсіздік туралы білімді шебер қолдану ел ішіндегі саяси үдерістердің сапалы жақсаруына және тиімді стратегиялар мен шешімдердің қабылдануына оң әсерін тигізеді.

Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері:
  • Үкіметтік ұйымдар және ҮЕҰ
  • Халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ және т.б.)
  • Аналитикалық орталықтар мен зерттеу институттары
  • Қазақстан Республикасындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктер
Пәндер тізімі:
  • Қарулы қақтығыстар және қауіпсіздік
  • Қақтығыстардағы гендерлік фактор (міндетті емес)
  • Заманауи саяси технологиялар (міндетті емес)
  • Келіссөздер мен медиация (міндетті емес)
  • Саяси психология (міндетті емес)
  • Қазіргі әлемдегі ақпараттық қауіпсіздік (міндетті емес)
  • Экономикалық қауіпсіздік (міндетті емес)
  • Әлемдік саясаттағы Қытай және Орталық Азия (міндетті емес)

Бағдарлама бойынша қажетті ақпаратты алу үшін бағдарламаның жетекшісі М.О.Иембековамен (maira.iembekova@narxoz.kz) және қауымдастырылған профессор Н.Әділханұлынмен байланыс жасауға болады nurlan.adilkhanuly@narxoz.kz