null

Юан Симпсон

ҚОҒАМ, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МЕКТЕБІНІҢ ДЕКАНЫ

Юан Симпсон, PhD, Шотландия елінің тумасы  2018 жылы тамыз айында Қазақстан, Алматы қаласындағы Нархоз Университетің экономика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы болып тағайындалды. Осыдан бұрын ол КИМЭП Университетінде (2004-2014) әртүрлі профессорлық-оқытушылық және жетекшілік қызметтерді атқарды және Қазақстан-Британ техникалық Университетінде (2014-2018) бизнес факультетінің деканы болды. Қазақстанның жоғары оқу орындарында 14 жыл білім берген ол кісіде экономика мен қоғамның жұмыс істеуі туралы және еліміздің болашағындағы сапалы жоғары білімнің негізгі рөлі жөнінде терең түсінік қалыптасты.

Бұның бәрі деканның 1993-2004 жылдардағы Глазго Университетіндегі экономикалық және қалалық даму мен регенрация зерттеушісі ретіндегі тәжірибесіне негізделген.  Юан 1999 жылы Қалаларды қалпына келтіру үшін мемлекеттік-жеке әріптестікті басқару жөнінде докторлық диссертацияны қорғады. Сонымен қатар, оның ғылыми және консалтингтік қызметі, аэроғарыш, металлургия, ақпараттық технологиялар, компьютерлік ойындар индустриясы және туризмге бағытталған кластерлерді карталау бойынша іс-шараларға қосымша, кәсіпкерлікке, ғылымды қажетсінетін экономикаға және шығармашылық экономикаға бағытталған.

Юан, сонымен бірге, тәжірибелі оқытушы мен тренер болып табылады және түрлі аудиторияларға арналған бағдарламаларды әзірлеуді жетік меңгерген. Декан бакалавриаттан бастап жоғары атқарушы деңгейге дейінгі студенттерге бңлңм берудң жалғастыруда, сонымен қатар, Орталық Азияда, Африкада, Азия мен Ұлыбританияда оқытушылар жөнінде оқыту ісін жүргізген.