Әлеуметтік жұмыс

Образовательная программа «Социальная работа» нацелена на углубленную подготовку специалистов в области управления социальной сферы, социальной психологии, методологии научных исследований и организации социальной деятельности.

Дайындық бағыты: Ғылыми-педагогикалық

Оқу мерзімі: 2 жыл

«Әлеуметтік жұмыс» магистерлік бағдарламасы әлеуметтік сала, әлеуметтік психология, ғылыми зерттеулер әдістемесі мен әлеуметтік қызметті ұйымдастыру аумағындағы мамандарды тереңірек даярлауға бағытталады. Білім беру орыс және қазақ тілдерінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік жұмыс және психология саласындағы жаңа ғылыми және тәжірибелік әзірлеулерді пайдалана білуі мен біліктігі еңбек нарығындағы бағдарлама түлектерінің басымдықтарын қамтамасыз етеді. Бағдарлама түлектері адамдардың, әлеуметтік топтардың мінез-құлқын түсінуге және дұрыс түсіндіруге, микро және мезо деңгейлердегі келісімдерді тиімді әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсете алатын, адамдардың индивидуалды және жалпылама мінез-құлқын және басқа да әлеуметтік-психологиялық үдерістер мен құбылыстарды талдауға және түсіндіругеқабілетті болады. Магистрлер кәсіби саладағы мәселелік құбылыстарды зерттеп және мониторингті жүзеге асыра алады, кәсіби коммуникация білігін игереді, әсіресе ағылшын тілінде (Нархоз шет тілін меңгеруге кәсіби оқыту мүмкіндіктерін береді) және зерттеушілік мәліметтерді статистикалық талдау әдістері мен құралдарын диагностикалауды игереді.

Бағдарламаның басымдықтары

 

  • Кәсіби, жеке жетістік міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік беретін әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша білім алу аясында қосымша өзекті психологиялық біліктерді алу мүмкіндігі.
  • Еңбек нарығындағы технологияландыру мен автоматтандыруға қарамастан сұранысқа ие болу. Әлеуметтік және Психология сынды екі мамандық роботтандыру үшін осы салалардың ерекшелігіне орай қолжетімсіз – ол эмоцияларды басқару жұмысымен, әлеуметтік-экономикалық көмек көрсету.
  • Бағдарламаны аяқтауда кәсіби мансапты дамытудың бірнеше бағыттары: академиялық салада (ҚР докторантура, шетелдегі PhD, зерттеушілік және оқытушылық қызмет) және қолданбалы аумақта (HR, маркетингтік зерттеулер, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар).
  • Нархоздың жақын және алыс шетелдердегі серіктес-жоғарғы оқу орындарымен академиялық мобилділік бағдаламаларын таңдау.
  • ҚР ҮЕҰ (ARASHA тұрмыстық зорлық құрбандарына арналған үйі, Денісау Азия ҚҚ Балалар хосписі, Евразия-Орталық Азия ҚҚ мен басқалары) және Алматы қаласын әлеуметтік қолдаудың мемлекеттік секторын қосатын тәжірибе базасы.
Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері:

Әлеуметтік жұмыс магистерлік бағдарлама түлектерін жұмысқа орналастырудың мүмкін болатын бағыттары:

Ғылыми мансап: білім алуды Нархоздың академиялық ортасында жалғастыру немесе Болашақ бағдарламасы бойынша шет елдік жоғарғы оқу орындарында, серіктес-жоғарғы оқу орындары бағдарламаларында  PhD дәрежесін алу;

Оқытушылық мансап: жоғарғы кәсіби білім беретін жоғарғы оқу орындары, оның ішінде Нархозда;

Мемлекеттік қызмет: мемлекеттік басқару органдары (әлеуметтік саясатпен айналысатын департаменттер мен басқармалар);

Халықаралық, аймақтық коммерциялық емес құрылымдардағы жұмыс: ARASHA, БҰҰ, ҚАЗАҚСТАН UNICEF, қайрымдылық ұйымдар және басқалары.

 

Бейінік пәндер
  • Отбасылық-демографиялық саясат және саяси тәжірибе
  • Тұрақты даму
  • Әлеуметтік-саяси деректерді талдау технологиялары
  • Әлеуметтік саясат және әлеуметтік әлауқат
  • Адамның мінез-құлқы мен әлеуметтік жұмыс
  • Әлеуметтік жұмыс психологиясы (озық курс)
  • Әйелдермен, балалармен және жасөспірімдермен әлеуметтік және психологиялық жұмыстар
  • Психодиагностика және психокоррекция (тереңдетілген деңгей)
  • Жоғарғы мектептегі психология мен әлеуметтікжұмыс
  • Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік-психологиялық зерттеулер
  • Әлеуметтік жұмыстағы рефлексия: әдістер мен құрастыру.

 

Қосымша ақпарат алу үшін,
профессор Италмасова Р. Б.-дан сұраңыз: raushan.italmasova@narxoz.kz