Мемлекеттік статистика

Бұл бағдарлама мемлекеттік, соның ішінде, статистика мекемелерінде статистикалық есеп пен талдау әдіснамасымен жұмыс істеуді көздейтін студенттерге арналған. Статистик сақтандыру, демография, әлеуметтік жұмыс, сапаны басқару, фармацевтикалық зерттеулер, нарықты зерттеу секілді салалардағы деректерді жинап және өңдеп қоймай, экономикалық процесстерді талдау және модельдеумен айналысады. Олар деректерді талдау әдістері мен модельдерді алынған деректерді бағалауда қолданады.

 

Мен қандай карьералық мүмкіндіктерге ие боламын?

Бұл бағдарламаның түлектері әртүрлі экономикалық қызметтерде экономист маман ретінде, соның ішінде, мемлекеттік және ведомстволық статистика мекемелерінде, статистикалық қызметтерде, жергілікті билік органдарында, ғылыми ұйымдарда және әр түрлі әлеуметтік қызметтерде экономист-статистик болып жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қызметтерге орналасады.

Олар әлеуметтік-экономикалық, саяси құбылыстарға және кәсіпорындар мен ел деңгейіндегі процестерге статистикалық және ішінара зерттеу жүргізуге; талдау жұмыстары үшін статистикалық есеп-қисапты (мемлекеттік және ведомстволық) жасауда, әзірлеуде және бақылауда өз үлестерін тигізе алады.

Бизнес - статистика

Статистка –  бұл оны игерген жағдайда түрлі салаларда – банктерде, сақтандыру мен инвестициялық компанияларда, бөлшек саудада, т.б. салаларда жұмыс жасауға болатын құрал. Қазір көптеген орта-ірі деңгейдегі бизнес компанияларында аналитикалық бөлімшелер құрылуда: даму, маркетинг, тауарлар мен қызметтерді алға жылжыту бөлімдері. Қызіргі заманда бизнестің табысты дамуы үшін өз компанияңның даму көрсеткіштерін біліп қоймай, сонымен бірге, нарықтың жағдайын біліп, аймақтық, ұлттық және әлемдік сыртқы факторларды да еске алу қажет.

Бұл бағдарлама нақты бизнес секторында деректерді талдаудағы статистикалық әдістерді қолдануда білім мен дағдыны пайдалануды көздейді. Excel, R, Gretl, SAS бағдарламаларын қолдана отырып, нарық жағдаятын мен бизнес дамуының ең маңызды көрсеткіштерін болжау мен математикалық модельдеу әдістері секілді кең құралдар жиынтығын пайдалана білу.

Мен қандай карьералық мүмкіндіктерге ие боламын?

Бұл бағдарламаның түлектері өздерін  статистик-аналитик, сатылым жөніндегі және бизнес-процесстің аналитигі, бизнес-аналитик ретінде, мемлекеттік немесе шетелдік ірі компаниялар мен ұйымдардың, статистикалық қызметінде көре алады. Олар талдаужұмыстарын жүргізіп, статистикалық зерттеудің нәтижесін бағалай және түсіндіре алады, нарық пен тұтынушылар туралы ақпараттар мен сатылым статистикасын жинақтап, талдай алады. Сондай-ақ, қосымша бағдарламалардың мамандандырылған пакеттерін қолданумен статистикалық ақпаратты және деректерді өңдей алады.