“Халықтың әртүрлі топтарымен әлеуметтік және психологиялық жұмыс” мамандандыруымен “Әлеуметтік Жұмыс” білім беру бағдарламасы әлеуметтік саланы, әлеуметтік психологияны ұйымдастыру және басқару саласында мамандарды даярлауға бағытталған. Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен тәжірибесінің тығыз байланысын, әлеуметтік психологияға баса назар аудара отырып, осы бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде әлеуметтік міндеттерді шешумен айналысатын мемлекеттік және үкіметтік емес сектор үшін де әлеуметтік саланың бәсекеге қабілетті мамандарын қалыптастырады. Әлеуметтік қызмет мамандарының еңбек нарығындағы жоғары сұраныстарын және оның жоғары еңбек ұтқырлығын ескере отырып, студенттер әлемнің түрлі бөліктерінде оқуды аяқтағаннан кейін сұранысқа ие бола алады.
КУРСТАРҒА ШОЛУ
- Психология
- Әлеуметтік жұмыс технологиясы
- Әлеуметтік медицина негіздері
- Әлеуметтік жұмыс психологиясы және тұлға психологиясы
- Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары
- Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету
- Психодиагностика және психокоррекция
- Жас және дифференциалдық психология
- Халықтың осал топтарына әлеуметтік жұмыс
- Әлеуметтік бағдарламаларды бағалау
- Әлеуметтік кәсіпкерлік және жобалау