null

Куламбаев Бахытжан

Куламбаев Бахытжан Оразалиевич қалалық әкімшілік және университет атынан сайлауды өткізгені үшін, ҚР Білім және ғылым министрлігі атынан Ұлттық біріңғай тестілеуді өткізгені үшін, «Болашақ» бағдарламасы үшін, Norwich (Великобритания) қаласында іс-шараны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғысқа ие. Ғылыми қызметінің негізгі спектірі: қорғаныс, дерекқорды басқару, компьютерлік жүйелердің архитектурасы, терең нейрондық желілерді пайдалану арқылы көп тілді автоматты тілді анықтау технологиясын әзірлеу.

null

Неверова Елена

Неверова Елена Григорьевна 2007 жылы “Ақпараттық жүйелер” (бакалавриат және магистратура) мамандығы бойынша мемлекеттік стандартты әзірлеуге қатысты. Әртүрлі халықаралық басылымдар мен ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне енгізілген басылымдарына 35 ғылыми және әдістемелік мақалалар жазылған, “Дерекқор мен білімді дайындау технологиясы” атты оқу құралы жазылған. 15 жыл бойы дипломдық жобалар мен магистрлік диссертациялардың тақырыптарын құрауға жауапты болды.  Является специалистом в области разработки баз данных, в частности, Дерекқорды әзірлеу саласы, атап айтқанда, Oracle Дерекқорды басқару жүйесі бойынша маман болып табылады, сондай-ақ, Data Science бағыты бойынша қарқынды дайындықты өткен.

null

Мухамеджанова Гульнара

аға оқытушы, «Технологии және экология» кафедрасының ақпараттық жүйелер магистірі

Мухамеджанова Гульнара Сайлаубаевна – аға оқытушы, «Технологии және экология» кафедрасының ақпараттық жүйелер магистірі. 25-тен астам ғылыми жұмыстары, соның ішінде, «Компьютерлік графика» курсына арналған 2 оқу құралы жарияланған. Келесідей пәндер бойынша дәрістік және зертханалық сбақтар жүргізеді: «Ақпарататтық-коммуникациялық технологиялар», «Графикалық бағдарламалау», «Web-технологиялар», «Бизнестегі компьютерлік қосымшалар», «SAS ақпараттық-аналитикалық жүйелері», «Gretl и Excel платформасындағы экономикалық және қаржылық процестерді модельдеу».

null

Кальпебаев Азамат

ақпараттық жүйелер магистірі, «Технология және экология» кафедрасының аға оқытушысы

Кальпебаев Азамат Рахимович – ақпараттық жүйелер магистірі, «Технология және экология» кафедрасының аға оқытушысы. ACM бағдарламалауы бойынша Әлем Чемпионаты 2007 үшін Қазақстанның чемпион-студенттерін дайындағаны үшін ҚазҰТУ грамотасымен марапатталған. Практик-жаттықтырушы, WMS, CRM, АРМ басқару жүйелері бойынша;  жоғары деңгейлі тілдердегі бағдарламалау және DELPHI, C / C ++ JAVA және т.б. объектілі-бағытталған бағдарламалау бойынша тренингтер/семинарлар/курстар жүргізген. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы аясында кәсіпкерлер және кәсіпкерлік бастамалары бар халыққа арналған «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша тренинг өткізді

null

Краснова Ольга

Краснова Ольга Николаевна – Бірлескен Вена институтында және Дүниежүзілік банк тобында (Вена) «Банк саясаты және оқытушыларға арналған инвестицияларды талдау» дәрісін алған, 1996 жылы. Гарвард университетінің (Бостон, Массачусетс штаты, АҚШ) Халықаралық конференциясы жұмысына қатысты, 2017 жылы.  Жалпы көлемі 105 б.т. 100-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы. 2013-2018 жж. Аралығында жалпы көлемі 15 б.т. 49 жарияланымдары бар.

Джумабеков Кудайберген

Құқық және әлеуметтік ғылымдар Мектебінің «Технологии және экология» кафедрасының доценті

Джумабеков Кудайберген Уразбаевич – Құқық және әлеуметтік ғылымдар Мектебінің «Технологии және экология» кафедрасының доценті. Экономикалық ғылымдар кандидаты, Өзбекстанның ұлттық банк жүйесінің 13 инфрақұрылымдық құрылымын қамтитын қаржылық және білім беру холдингін құрған, алғаш әзірленген «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының және «Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік» атты 30 томдық қазақша-орысша және орысша-қазақша терминологиялық сөздігінің бірлескен авторы. Экономика, банктер, қаржы, кадр дайындау және экология мәселелері бойынша 50-ден астам ғылыми еңбектері бар.

null

Даулбаева Альмира

PhD

Даулбаева Альмира Нурлановна – PhD докторы, доцент, «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша онлайн курстың құрушысы. А. Н. Даулбаеваның ғылыми қызығушылық шеңбері ауа бассейнінің және урбандалған аумақтардың топырақ жамылғысының ластануы сияқты экологиялық проблемалардың аумағын қамтиды. Кафедрада келесідей пәндерден сабақ береді: «Топырақтану», «Қолданбалы климатология», «Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы», «Биогеохимия және экотоксикология». Оқу құралдарын қосқанда, 35-тен астам ғылыми еңбектің авторы.

null

Салимбаева Расима

экономикалық ғылымдар кандидаты, «Технологии және экология» кафедрасының доценті

Салимбаева Расима Аменовна – экономикалық ғылымдар кандидаты,  «Технологии және экология» кафедрасының доценті. Әлеуметтік-экологиялық және экономикалық мәселелер бойынша 38 ғылыми еңбегі, «Әлеуметтік экология және тұрақты даму» атты оқу құралы, «Жаңа Жібек жолы: аймақтық ынтымақтастықтан Қазақстанның әлемдік экономикалық және саяси кеңістіктегі бірігуіне дейін» атты ғылыми монографиясы жарияланған. Италияда (Рим қаласы, Унонеттуно Университеті, Витербо қаласы, Туссия университеті), Ресей Федерациясында (Мәскеу қаласы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ) тағылымдамадан өткен.

null

Муханбетова Сабира

Муханбетова Сабира Муткаримовна «Статистика» оқулығы мен «Статистика теориясы» оқу құралы үшін «Университеттің үздік оқулығы» және «Қазақ тіліндегі ең талап етілетін оқулық пен оқу құралы» номинациялары бойынша ҚазЭУ, НЭУ дипломдарымен марапатталған. 17 оқулық пен оқу құралдарының авторы және бірлескен авторы. 70-тен астам ғылыми еңбектері жарияланған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы адам дамуы тұжырымдамасы идеясын алға жылжыту жөніндегі ғылыми жобаға (2002-2007жж.), «Қазақстан Республикасының демографиялық болжамдары: негізгі трендтер, сын-тегеуріндер, тәжірибелік ұсынымдар» зерттеу жобасына қатысқан.

null

Мусульманкулова Айгуль

PhD докторы

Мусульманкулова Айгуль PhD докторы, бірнеше мәрте Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Алғыс хатпен», Ресей Федерациясының мемлекеттік статистика қызметінің алғыс хатымен, Университет атынан құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасы үшін жоғары білікті кадрларды кәсіби даярлауды дамытуға қосқан үлесі мен Университет өміріне белсенді қатысқаны үшін «Құрмет» грамотасымен ммарапатталған.

Университеттің іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу бойынша әртүрлі комиссиялардың жұмысына, соның ішінде, Мемлекеттік СҒЗЖ-ға, «Статистика» мамандығы бойынша РСПО-ға, ҚР БҒМ комиссиясына қатысқан.

null

Доскеева Гулашар

экономикалық ғылымдар докторы, профессор

Доскеева Гулашар Жармагамбетова – экономикалық ғылымдар докторы, профессор.  Отандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген 100-ден астам ғылыми жұмысы бар, соның ішінде, нөлдік импакт-факторға ие және Скопус пен Томсон Рейтерс базасында орналасқан ғылыми журналда 8 мақаласы жарық көрген. 5 оқу құралының (соның 2-еуіде бірлескен автор), 2 ғылыми монографияның авторы. ҚР БҒМ «2015 жылдың Ең үздік ЖОО оқытушысы» атағының иегері.

Италмасова Раушан

әлеуметтік ғылымдар докторы

Италмасова Раушан Балтабаевна – әлеуметтік ғылымдар докторы, «Мемлекеттік басқару» кафедрасының доценті. Кәсіби қызығушылықтары шеңбері: ҚР инвестициялық саясаты, жоғары мектеп мәселелері, оқытудағы әдіс-тәсілдердің тиімділі жөнінде әлеуметтік талдау. ҚР салалық министрліктерінің тапсырысы бойынша далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуде,  Ресейде (РҒА, ММУ), Кипрде (Жерорта теңізі университеті), Малайзияда (Тэйлор университеті) ғылыми және зерттеу тағылымдамаларынан өтуде үлкен тәжірибесі бар.

null

Кенжалина Жанна

Кенжалина Жанна Шапаевна– э.ғ.к., «Экономика» кафедрасының профессоры. «Университеттің жас кәсіпкерлерді дайындау және қолдау экожүйесін құру» секілді ғылыми жобаларға қатысады. Экономикалық және әлеуметтік өзекті мәселелер бойынша 60-қа жуық жұмысы жарық көрді. Орыс және қазақ тілдеріндегі «Еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру» оқулығының авторы. 2012-ші жылдың үздік оқытушысы. Қазақстан Республикасы Ғылым Қорының сарапшысы. «KPI мектебі» сертификаты, Еуропалық Бизнес-біліктілік Лицензиясы (Сан Бенедетто Дель Тронто, Италия), “e-NEU” аясы бойынша “Train the Trainer”, 2017 ж. Тұңғыш Президенттің Қоры сертификаты.

null

Омаров Бахыт

«Экономика» кафедрасының аға оқытушысы

Омаров Бахыт Серикбаевич «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы. Пекин (Китай) қаласындағы экономика және қаржы Орталық Университетінде, Токио (Япония) қаласындағы Цукуба Университетінде, Прага Экономикалық Университетінде (Чехия) тағылымдамадан өткен.  Құрылыс саласындағы, тамақ өнеркәсібі, туризм саласындағы бірнеше компаниялардың негізін салған. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшесі.

Член Национальной палаты предпринимателей «Атамекен». «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалындағы коррупцияға қарсы күрес бойынша Қоғамдық Кеңестің мүшесі.

null

Оспанов Едилбай

«Экономика» кафедрасының доценті

Оспанов Едилбай Тулебаевич – «Экономика» кафедрасының доценті. 2015 жылы Болашақ бағдарламасы бойынша Ноттингем университетінде «Білім және ғылым саласындағы басқару» мамандығы бойынша біліктілігін арттырған.  Алматы қаласындағы ҚР МІІ Академиясында және Абай атындағы ҚазҰПУ-да дәріскер болып жұмыс атқарған. 2016 жылдан бастап Нархоз Университетінде жұмыс істейді. Негізгі сабақ беретін пәні – “Академиялық хат”. Осы пән бойынша 2018 жылы шығарылған академиялық оқу құралының және мини-онлайн курстардың авторы. Басқару және тіл білімі саласында ағылшын және қазақ тілдерінде 30-ға жуық мақалсы жарық көрген.

null

Байспай Гүлшат

техникалық ғылымдар магистірі

Байспай Гүлшат Болатқызы – техникалық ғылымдар магистірі, «Технологии және экология» кафедрасының оқытушысы. Cisco Networking Devices бағыты бойынша білім алған. Granada университетінде (Испания) тағылымдамадан өткен. Ғылыми қызметінің шеңбері: компьютерлік желілердің қауіпсіздігі мен басқаруы, ғылыми-білім беру қызметін оңтайландыруда  IT-ді қолдану, ақпараттық жүйелер. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, Ресейдің ғылыми дәйексөздің индексі және халықаралық конференцияларда ұсынылған баспаларда 16-дан астам мақалалары жарияларған. Келесідей пәндер бойынша сабақ бережі: «Компьютерлік желілерді жобалау және басқару (Cisco)», «Компьютерлік желілер және бұлттық технологиялар», «Деректерді басқару», «Киберқауіпсіздік», «Informational-communicational technologies».

null

Шәріпов Айбар

Шәріпов Айбар Иркенұлы Назарбаев Университетінің түлегі және сол жерде саяси ғылымдар мен халықаралық қатынастар саласы бойынша магистр дәрежесін алған. Магистрлік диссертациясы мына тақырыпта болған: «АҚШ-тың жасырын қызметі: Әшкерелеу Эффекті және Президенттің Танымалдылығы». Зерттеу қызығушылығы шеңберіне мыналар жатады: АҚШ-тың құпия опперациялары, терроризм, халықаралық қақтығыстар мен қауіпсіздік. Дәл қазіргі сәтте, Айбар Нархоз Университетінің Құқық және Әлеуметтік ғылымдар Мектебі «Мемлекеттік басқару» кафедрасының оқытушысыюолып табылады, сонымен қатар, жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеуде белсенді қатысып жатыр. Бос уақытында Айбар трекинг және атқа мінумен айналысуды ұнатады.

null

Дмитрий Ким

Дмитрий Ким, ф.- м. ғ. к., ықтималдылық теориясы мен математикалық статистика саласындағы маман, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің бакалавр түлегі, НМУ магистратурасы мен аспирантурасын аяқтаған, Хериот-Ватт университетінде постдокторлық позициясында қызмет еткен. Педагогикалық қызметін 2002 жылы бастап, содан бері бірқатар білім беру, ІТ және ғылыми-зерттеу ұйымдарында жұмыс істеген, ғылыми жұмыстарды коммерцияландыруда тәжірибесі бар. Теоретикалық зерттеулерімен қатар, ғылыми қызығушылықтары кешенді жүйелерді моделдеу үшін ықтималдық-статистикалық әдістерді қолдануды, тәуекелдер теориясы мен экожүйеге ұайта ұалпына келетін энергия көздерін біріктіруді қамтиды.  20-дан астам жарияланымдардың авторы, 1 монография мен 1 патенттің бірлескен авторы. Ғылыми жетекші және 20 шақты ғылыми-зерттеу гранты команддасының мүшесі.